Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада тағы бір тұрғын үй кешені бұзылады

тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 00:19 Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүргізілген "Көктөбе" тұрғын үй кешені бұзылады. Тұрғын үй кешені Алматы ауданындағы Шәмші Қалдаяқов пен Кенен Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz

Астана әкімдігінің хабарлауынша, Global Millennium ЖШС құрылыс салушысы қадалар жүргізіп, шұңқырын қазған, сол сияқты іргетасын құйып, 1 қабатын тұрғызған.

"Құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және нысанның құрылысын өз бетінше басталған. Құрылыс салушы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 316-бап (тиісті жобалау-сметалық құжаттамасыз), 319-бап (жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй нысандарын заңсыз салу), 321-баптың 1-бөлігі (техникалық және авторлық қадағалауларсыз құрылысты жүзеге асыру), 463-баптың 1-бөлігі (рұқсатсыз іс-қимылдарды жүзеге асыру) бойынша ӘҚБтК ұйғарым бере отырып, жауапқа тартылды". Астана әкімдігі

DBK-Engineering ЖШС бас мердігеріне қатысты ҚР кодексінің 313-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама (осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструктивтік элементтердің беріктігін, тұрақтылығын жоғалтуға әкеп соққан іс-әрекеттер жасау ретінде) жасалды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот елорданың қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасының талабын қолдады және құрылыс салушыны тұрғын үй кешенін бұзуға міндеттеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: