Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені өртеніп, екі адам зардап шекті
Сурет: видеодан алынды
Бүгін Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені өртеніп, салдарынан екі адам зардап шекті. Екеуі де құрылыс басында жүрген жұмысшылар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ТЖД мәліметінше, медициналық жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында зардап шеккен екі адамды тексеріп, алғашқы көмек көрсетті.
"Зардап шеккендердің бірі - қол терісінің 2% күйген 1991 жылғы ер адам, 1992 жылғы екінші ер адамның бетін от шалған. Тексеруден кейін зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартты", делінген хабарламада.
Алдында Астананың сол жағалауында жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірі өртенгені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript