Тұмша: синоптиктер Алматы тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

Тұмша: синоптиктер Алматы тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2025 09:49 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2025 жылғы 2 қарашада Алматыда ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 2 қараша күні Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына әсер етеді.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын азайту ұсынылады, әсіресе автожолдардың маңында және басқа ластану көздерінің жанында. Ал өкпе, жүрек-қантамыр немесе аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: