Өскеменде жол жөндеуге бөлінген 120 млн теңге пәтер мен көлік алуға жұмсалған

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 14:56 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында "Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz қаржы мониторингі агенттігінің 3 қарашадағы мәліметіне сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, күдіктілер қатарында кәсіпорынның бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар.


"2022–2023 жылдары күдіктілер өз лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен бюджет қаражатын компанияларға жүйелі түрде аударып отырған. Олар битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған арнайы техника жалдау, сондай-ақ орнатылып қойған 23 аялдаманы дайындау материалдарын алу бойынша жалған құжаттар рәсімдеген", – делінген агенттік хабарламасында.

Жалған құжаттар арқылы алынған ақша жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол айналымға шығарылып, кейін қатысушылар арасында бөлінген. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 120 млн теңгеден асты.

Тергеу мәліметінше, ұрланған қаржыға күдіктілер Өскемендегі элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер, BMW X6M және Subaru Forester маркалы көліктер, сондай-ақ жер учаскелерін сатып алған. Бұл мүліктерге сот санкциясымен тұтқын салынды.

Қазір кәсіпорынның бұрынғы директорына қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.

Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: