Астанада бір тәулікте мың текше метрден астам қар түсті

Қар, Астана, тазалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 20:56 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада күн суытып, алғашқы қар түсті. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қар күреу жұмысына жүздеген арнайы техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 4 қарашада қала аумағынан мың текше метрден астам, яғни 86 жүк көлігі қар шығарылған.

"5 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 374 арнайы техника мен 234 жол жұмысшысы қатысқан. Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазаланады. Кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі", делінген әкімдік хабарламасында.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарында барынша абай болуға, сондай-ақ ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: