Астанадан бір түнде 24 мың текше метрден астам қар шығарылды
17 қаңтарда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 652 жол жұмысшысы және 1 470-тен астам арнайы техника шықты.
17 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 926 рейспен 24 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 260 145 ауыр жүк рейсімен 3,3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз." Астана қаласының әкімдігі