Алматыда полиция мен коммуналдық қызметтер қысқы маусымға дайындықты тексерді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 09:57 Фото: unsplash
Алматыда полиция коммуналдық қызметтермен бірлесіп қаланың қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Ауа райының өзгеруіне байланысты Алматы қаласында әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қалалық жолдарды қысқы уақытта күтіп-ұстауға арналған арнайы техниканың дайындығын және инертті материалдардың қорын тексеруде.

Бүгінгі таңда "Алматы Тазалық" ЖШС теңгерімінде қар тазалау, көшелерге құм-тұз себу және қолайсыз ауа райында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 990-нан астам арнайы техника бар.

Ерекше назар өндірістік базалардың жағдайына, жүргізушілер мен операторлардың дайындығына, сондай-ақ жауын-шашын кезінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруға аударылуда.

"Біз тек техниканың бар-жоғын ғана емес, қаланың қысқы кезеңге дайындығының қауіпсіздігін де тексереміз. Қыс мезгілінде көшелерді күтіп ұстау мәселесі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Барлық қызметтер бұл кезеңге барынша жауапкершілікпен және үйлесімді дайындалуы тиіс", – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қыс мезгілінде қала тұрғындарының еркін әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: