Алматыда полиция пиротехника саудасын тексерді

Қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы профилактикалық жұмыстар аясында полиция қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдер сатылатын негізгі орындардың бірін тексерістен өткізді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 12:48 Сурет: pixabay
Қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы профилактикалық жұмыстар аясында полиция қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдер сатылатын негізгі орындардың бірін тексерістен өткізді.

Рейд барысында пиротехниканы сақтау және сату қағидаларының бұзылғаны анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Біз мұндай тексерістерді жүйелі түрде жүргізіп келеміз. Мақсатымыз – қауіп-қатерге жол бермеу. Әрбір сатушы пиротехниканы сақтау мен өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Полиция заңсыз саудаға тосқауыл қою және құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырады. Сонымен қатар пиротехниканы заңсыз сатуға жол берілмейтінін ескертеміз және азаматтарды мерекелік бұйымдарды пайдалану кезінде барынша сақ болуға шақырамыз, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: