Павлодар облысында полицейлер браконьерден 300 келіге жуық балық тәркіледі

Павлодар облысында 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 11:46 Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысында 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды.

20 қазаннан бастап өңір аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, биологиялық ресурстар мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

"Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 111 фактісін анықтады. Полицейлер Май ауданында Нива көлігін тоқтатып, тексерген. Тексеріс барысында көліктен шамамен 278 келі болатын балық табылды. Ал аулаған азаматтардың рұқсат берілген тиісті құжаты жоқ боп шықты. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша тексерулер жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: