Air Astana ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті

Air Astana ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 18:55 Сурет: Zakon.kz
Air Astana әуе компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстан бойынша рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ұлттық әуетасымалдаушы 5 қараша күні мәлімдеді.

"Ел аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Жолаушыларға рейстерінің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты алдын ала Air Astana компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығына хабарласу арқылы тексеру ұсынылды.

Еске салайық, 2025 жылғы 5 қараша күні таңнан бері Алматы халықаралық әуежайында ондаған рейс кешіккенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: