Бұдан былай әр шырқалған ән үшін автордың әмияны толады

Авторское право, авторские права, патентное право, патент, интеллектуальная собственность, интеллектуальные права, правообладание, правообладатель, право интеллектуальной собственности, права интеллектуальной собственности, нарушение авторских прав, ИС, судебная экспертиза объектов интеллектуальной собственности, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 14:39 Фото: freepik
Зияткерлік меншікті солай қорғамаса сазгерлер немесе оның жақындары зиян шегіп отыр. Мәселен, Шәмші Қалдаяқовтың әндері күнде әуелейді.

Телеарна мен радио, концерттер мен көңіл көтеру орталықтарында үздіксіз орындалады. Бірақ, туыстары авторлық құқықты алға тартқанның өзінде тоқсан сайын алатыны 18-22 мың теңге көлемінде, деп жазады 24.kz арнасы.

Бұл туралы әділет вице-министрі мәлім етті. Ботагөз Жақселекова басқа да өнерпаздардың бұлай басынуға болмайтынын айтып, бастама көтергенін жеткізді.

Соған сәйкес зияткерлік меншік заңына өзгерістер енгізіліп, құжатты Сенат екі оқылымда қарап, қабылдады.

"Толассыз шағымдарға байланысты біз көптеген авторлық қоғамдастыққа құлақ асып, құрал жасап беруді шештік. Бұл оларға арналған бірыңғай цифрлық платформа. Осы құрал арқылы барлық келісім шарт түзіледі. Қолданушылар, мейрамхана, кафе, телеарна және концерт залдары бар. Дәл солай орындаушы, композитор, авторлармен де келісім шарт жасалады. Сонда түскен ақша әділетті түрде әдістеме арқылы бөлінеді. Әр автордың жеке кабинеті болады. Оның әуені қашан және қай жерде орындалды, бәрін бақылай алады. Мысалы, теле-радио арналарда 24/7 есеп жүргізіледі. Ал бизнес субьектілеріне қатысты тетік әлі бекітілмеді. Бірнеше нұсқамыз бар. Әбден пысықталған соң қосымша хабарлаймыз." Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет министрінің орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: