Ресей азаматы Қазақстанда қос азаматтығын жасырғаны үшін айыппұл төлейді

Ресей азаматы Қазақстанда қос азаматтығын жасырғаны үшін айыппұл төлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 20:46 Сурет: gov4c.kz
Ресей азаматы Қазақстан билігін шетел азаматтығын алғаны туралы хабардар етпегені және құжаттарын тапсырмағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының Железин ауданының соты Қазақстан Республикасының "Азаматтық туралы" заңын бұзу фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі) Ресей азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот мәліметінше, азамат К. мемлекеттік шекараны "Үрлітөбе" шекаралық бақылау пункті арқылы кесіп өткен кезде шетел азаматтығын алғаны туралы Қазақстанның уәкілетті органдарына хабарламаған және тиісті құжаттарды тапсырмаған. Заң бойынша, егер азамат басқа мемлекеттің азаматтығын алса, ол Қазақстан азаматтығынан айырылады.

"Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған және шетел азаматтығын алған тұлға бұл туралы 30 күнтізбелік күн ішінде ішкі істер органдарына немесе ҚР шетелдегі мекемелеріне хабарлап, төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті", - деп түсіндірді сот.

Азамат К. өз кінәсін толық мойындады. Ол Қазақстанға зейнетақы жинағын алу үшін келгенін, содан кейін Омбы қаласындағы елшілікке барып, қазақстандық құжаттарын тапсыруды жоспарлағанын айтты.

"Қазақстанда Семей қаласында жасы келген әпкем тұрады, сондықтан айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраймын", - деген К.-ның сөзін сот ескеріп, істің мән-жайын, оның жеке басын және туыстық байланыстарын назарға алды.

Нәтижесінде азамат К. ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 100 айлық есептік көрсеткіш (100 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Алайда сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтып, 275 240 теңге көлемінде төлем белгіледі.

Железин аудандық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: