Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтардың Ресей азаматтығын алуы жеңілдетілді

Қазақстандықтардың Ресей азаматтығын алуы жеңілдетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 10:06 Сурет: pixabay
18 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Беларусь, Қазақстан және Молдова азаматтарын Ресей азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл құқықтық акт қазақстандықтардың Ресей төлқұжатын алуын жеңілдетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ресейлік құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланған жарлыққа сәйкес, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары Ресей азаматтығын келесі талаптарды орындамай-ақ ала алады:

  • тұруға рұқсат берілген күннен бастап Ресей Федерациясында тұрақты тұру;
  • Ресей тарихын және Ресей заңнамасының негіздерін білу.

Дегенмен, қазақстандықтар әлі де орыс тілін меңгергенін дәлелдеу керек болады. Ресей төлқұжатын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары тиісті өтінішті, тұруға рұқсатты, ұлттық төлқұжатты және орыс тілін білуін растайтын құжатты көрсетуі қажет.

Дәл осындай талаптар Молдова азаматтарына да қатысты болады. Беларусь азаматтары үшін орыс тілін білуін растау талабы қосымша алынып тасталды.

"Коммерсант" 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 876 қазақстандық Ресей азаматтығын алғанын хабарлайды. Жалпы қаңтардан қазанға дейін Ресей азаматтығын алған шетелдіктер саны 46%-ға азайған.

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған.

2023 жылдың басында Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасында қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдету мәселесі талқыланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: