Қазақстанға кімдердің кіруіне тыйым салынады – ІІМ түсіндірмесі

Контрольно-пропускной пункт , пункт пропуска, КПП, пункты пропуска, пограничная служба, пограничная зона, пограничные зоны, граница Кыргызстана и Казахстана, границы Кыргызстана и Казахстана, границы КР и РК, граница КР и РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 14:07 Фото: gov.kg
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ел аумағына кіруге шектеу қандай жағдайларда қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, тексеру іс-шаралары кезінде көші-қон полициясы қызметкерлері шетел азаматтарының ел қауіпсіздігіне ықтимал қатер төндіруі мүмкін мән-жайларға назар аударады.

Атап айтқанда, Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін жағдайлар:

  • ел заңнамасын бірнеше рет бұзу, оның ішінде әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылықтар жасау;
  • адамның экстремистік немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтердің болуы;
  • қоғамдық тәртіпті, ұлтаралық келісімді немесе конституциялық құрылысты бұзуға бағытталған әрекеттерге қатысу.

Шетел азаматтарын елге кіргізбеу туралы шешім "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңының 48-бабына сәйкес қабылданады.

ІІМ деректері бойынша, 2025 жылдың он айында ішкі істер органдарының қызметкерлері:

  • елден 14 мыңнан астам шетел азаматын шығарып жіберген;
  • шамамен 17 мың адамның елде болу мерзімін қысқартқан.

Бұған дейін, 2025 жылғы 22 шілдеде ІІМ министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Аленов шетелдіктерді тіркеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі қосымша пысықталып жатқанын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: