Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр және боран күтіледі
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда осы аптаның соңында және келесі аптаның басында ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған 8–10 қараша 2025 жылға арналған болжамда айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынсыз күн райы тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында сақталады.
"Атлант циклонының әсерінен Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Болжам бойынша, күндізгі ауа температурасы мынадай болады:
- батыста – +5...+15°С,
- солтүстік-батыста – 0...+10°С,
- солтүстікте, шығыста және орталықта – -3...+2°С,
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста – +5...+15°С.
Бұған дейін синоптиктер 7 қарашада Астана, Алматы қалаларында және 15 облыста дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript