Алматыдағы балалар үйінде шыққан өрт оқшауланды

Алматыдағы балалар үйінде шыққан өрт оқшауланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 18:55 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы балалар үйінде шыққан өртке қатысты кейінгі мәліметтерді жариялады

Ведомствоның сағат 18:13-тегі мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды.

"Өрт оқшауланды", – делінген хабарламада.

Министрлік өртті сөндіруге ғимараттың күрделі құрылымдық ерекшелігі, үлкен өрт жүктемесі, сондай-ақ шатырдың резеңке жабыны бар ағаш фанермен құрылуы қиындық тудырып жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түсісімен оқиға орнына құтқару қызметтері жеткен. Балалар үйі әкімшілігінің айтуынша, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: