Алматы әкімі өрт шыққан балалар үйіне барды

Алматы әкімі өрт шыққан балалар үйіне барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 19:23 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды өрт шыққан "Перзент" жеке қайырымдылық балалар үйіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнынан 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

"Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары жүр.

"Қазіргі таңда уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шаралары қамтамасыз етіліп жатыр. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түсісімен оқиға орнына құтқару қызметтері жеткен. Балалар үйі әкімшілігінің айтуынша, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.

Ведомствоның сағат 18:13-тегі мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: