Польша елшісі желідегі парақшасын қазақ тілінде жүргізеді
Сурет: Instagram/polonia_elshi
Михаил Лабенда бұған дейін де қазақстандықтарды қазақ тілін жетік білуімен таңғалдырған еді. Биыл ақпан айында ол Мемлекеттік басқару академиясында қазақ тілінде дәріс оқып, үлкен әсер қалдырған болатын. Сондай-ақ, ол Торайғыров университетінде де қазақ тілінде баяндама жасаған.
Белгілі болғандай, 51 жастағы дипломат қазақ тілін 1990-жылдардың басында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүрген кезінде меңгерген. Ол кезде Михаил қарапайым жатақханада тұрып, айналасындағы адамдардың көбі қазақша сөйлеген.
Дипломат қызмет жолында бірнеше елде жұмыс істесе де, қазақ тілін ұмытпай, жадында сақтап қалған. Қазір ол Польша елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшаларын түгелдей қазақ тілінде жүргізіп отыр.
Бұған дейін Астанада геологтар үшін 14 млрд теңгелік зертхана салынатындығын жазғанбыз.