Жаңалықтар тізбегі
0

Шіркеуші құлшылықты неліктен қазақ тілінде жүргізгенін түсіндірді

Діни қызметкер қазақ тілінді шара өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 13:57 Сурет: АПН
Жақында шіркеудің ішінде қазақ тілінде құлшылық жасап жатқан православие діни қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Біреулер қолдаса, енді біреулері оны өз дінін қазақ тілінде уағыздады деп айыптады.

Негізінде, бұл көбісі ойлағандай уағыз емес. Иеромонах Иаков (Воронцов) Ақтөбеде пасха мерекесіне орай жүргізілген құлшылық кезінде Інжілдің бірнеше өлеңін қазақ тілінде оқыды. Пасхада қасиетті жазбаны әртүрлі тілде оқу дәстүрі баяғыдан бар. Бұрын ол грек, латын, еуропалық тілдерде оқылса, соңғы бірнеше жылда Інжілдің тарауларын қазақ тілінде оқу тәжірибесі қолданылуда. Иеромонах Иаков (Воронцов) соңғы жылдары белсенді түрде қазақ тілін үйреніп, оны өзінің рухани қызметінде пайдаланып келеді.

Ақтөбе епископы Игнатиге Пасхада Інжілді қазақ тілінде оқуды ұсындым, ол батасын берді, – дейді иеромонах. 

– Шіркеуде бұдан кейін де қазақ тілі естілгенін қалаймын. Себебі, біздің қауым өкілдері арасында да, діни қызметкерлер арасында да қазақтар бар. Және менің ойымша, қазақстандық орыстар да қазақ тілін білуі керек. Біздің христиандардың көпшілігі орыстілді болғанымен, қазақтілді қауым арасында біртіндеп қазақша сөйлесу тәжірибесін енгізу керек.


Інжіл тарауының қазақ тілінде оқылуына қарап, жалпы діни қызметті қазақ тілінде жүргізуге бола ма деген сұрақ туындайды. Қазақстан Православие шіркеуінің баспасөз хатшысы протоиерей Евгений Иванов осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Православиелік діни қызмет шіркеулік славян тілінде жүргізіледі, біз одан шыға алмаймыз. Сондықтан, діни қызметті қазақ тілінде жүргізу туралы сөз жоқ. Бірақ, ғибадат элементтерін қазақ тілінде де қолдануға болады және бұл керемет. Уағыздарға келетін болсақ, мұнда жағдайды объективті және жекелей қарау керек. Егер ғибадатханада қауым өкілдерінің көпшілігі этникалық қазақтар болып, өз тілдерінде уағыз тыңдағылары келсе, онда бұл мүмкін. Жақында біз Қасиетті жазба кітаптарын қазақ тіліне аудардық, онда тек уағыз ғана емес, сонымен қатар, ағартушылық элементтер де бар. Қазақтілді азаматтар өздерінің православиелік отандастарының сенімдері жайлы хабардар болуы үшін. Бұл Қазақстан халықтары арасындағы өзара түсіністікті, құрмет пен достықты нығайту үшін де өте пайдалы болар еді, – деп түйіндеді Евгений Иванов."


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: