Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма – Денсаулық сақтау министрлігі айтып берді

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 13:57 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 11 қарашада өткен үкіметтегі брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов келесі жылы дәрі-дәрмек бағасының өсімі болады ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер елде 2026 жылы дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды деген қауесеттерге түсініктеме беруін сұрады.

"Бізде ондай ақпарат жоқ. Біз дәріханалардағы бағаларды қадағалаймыз. Қазан айында халық ең көп сатып алатын 50 дәрі-дәрмектің бағасын салыстырдық. Мониторинг жүргіздік, орта есеппен олардың бағасы 10-11%-ға төмендегені байқалады. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады деп үміттенеміз", – деді Бауыржан Жүсіпов.

Ең айқын баға төмендеуі – жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған дәрілерде, антибиотиктерде және қабынуға қарсы препараттарда.

"Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақтелеком" компаниясымен бірлесе отырып, Naqty Onim мобильді қосымшасында цифрлық қызметті іске қосты. Бұл қызмет арқылы әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексере алады және бағаның қымбаттауына шағым бере алады. 2024 жылғы шілдеден бастап Қазақстандағы барлық дәрілер міндетті түрде таңбаланады. Бұл пациенттерді жалған дәрілерден қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық қадағаланады", – деп еске салды Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Тимур Мұратов.

2025 жылғы 11 қарашада Тимур Муратов халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және медициналық ұйымдардың қоймаларындағы қорларды уақтылы толықтыру үшін Біріккен дистрибьютор арқылы 21 млрд теңге көлемінде төмендетілмейтін қор құрылатынын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: