Алматының Медеу ауданында 60 аула жаңартылып жатыр

Алматының Медеу ауданы айтарлықтай өзгеріп келеді: көше жарығы жақсарып, аула көркейіп, қоғамдық кеңістіктер көркейтіліп отыр. Қазір 60 аула аумағында күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 15:16 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданы айтарлықтай өзгеріп келеді: көше жарығы жақсарып, аула көркейіп, қоғамдық кеңістіктер көркейтіліп отыр. Қазір 60 аула аумағында күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын.

Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.

Оның айтуынша, аулаларда заманауи балалар және спорт алаңы орнатылып, жаңа шамдар қойылған, ағаштар мен гүлзарлар егілген. Бұрын бос жатқан аумақтар бүгінде аудан тұрғындары үшін демалыс аймақтарына айналған.

Бұдан бөлек, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жалпы құны 2 млрд теңге болатын 34 жоба қолға алынған. Тұрғындардың бастамасымен 17 аула мен 13 қоғамдық кеңістік жаңартылып, төрт нысанда автосуару жүйесі орнатылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жобалары да аяқталды: Қарасай батыр көшесіндегі жүргіншілер аймағы жаңартылып, Уәлиханов бульвары абаттандырылды. Қазір Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының аумағын және Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы жазғы сахнаның қасбетін көріктендіру жұмыстары қызған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: