Алматы – оқырмандар қаласы: 2,8 млн тұрғын кітапханаларды пайдалануда
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қаладағы кітапханалардың 97%-ы толық жаңғыртылған, жалпы қоры – 1 372 423 дана кітап, оның 432 257-і қазақ тілінде, 911 125-і орыс тілінде және 27 656-сы шет тілінде.
Қалалық кітапханаларда заманауи қызметтер бар:
Үш кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді (24/7 режимінде).
26 автономды өзіне-өзі қызмет көрсету станциясы сауда орталықтары, метро бекеттері мен коворкингтерде орнатылған. Ай сайын олар шамамен 300 жаңа оқырманды тіркеп, 420 кітап береді. Биыл жыл соңына дейін 6 станция қосымша ашылады.
Мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға тегін үйге кітап жеткізу қызметі іске қосылған.
Көзі нашар көретін және зағип оқырмандарға арналған арнайы Брайль бөлімдері мен дыбыстық интерфейстер бар.
Цифрлық қызметтер: электронды оқу залы, 3D-тур, онлайн оқырман билеті, кітап жеткізу қызметі. Қазіргі уақытта порталға 30 451 басылым енгізілген, оның 13 127-і осы жылы қосылған.
Сонымен қатар №6 кітапхана-бөлімшесінде сирек және құнды басылымдарды қалпына келтіру және сақтау зертханасы бар. Қазіргі таңда 300-ден астам кітап қалпына келтірілген, оның 32-сі сирек кездесетін басылымдар.
Алматы Кітапханалары заманауи инфрақұрылымымен, инклюзивті және цифрлық шешімдерімен қала мәдениеті мен білім беру өмірінің маңызды орталығына айналды.