Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл жұмысқа орналасқандардың көбі – Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының азаматтары

Биыл жұмысқа орналасқандардың көбі – Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының азаматтары, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 12:13 Сурет: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында 9 айда 734 мың адам жұмысқа орналастырылғанын айтты. Оның 50%-ы - жастар. Қазақстандықтардың кәсіптік бастамасын қолдау үшін 5,3 мыңнан астам грант және 4,7 мыңнан астам жеңілдетілген микрокредит берілді.
"Жыл басында барлық өңірдің әкімдерімен бекітілген 20 Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде Ұлттық жобалар, "10 мың халыққа 100 жұмыс орны", мемлекеттен субсидияланатын жұмыс орындары, жұмыс берушілермен ұсынылатын бос жұмыс орындары, халықтың еңбек мобильділігі бағдарламалары аясында жұмыспен қамтудың нақты шаралары бекітілген.

Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде осы жылға 947 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту бойынша шаралар көзделген. Қазір жұмысқа орналастырылған азаматтардың 76%-ы үшін зейнетақы аударымдары аударылып жатыр. Бұл олардың тұрақты түрде жұмыс істеп жатқанын растайды. 

Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының басым көбі "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" – 13 098, "Кәсіпкерлікті дамыту" – 11 489, "Агроөнеркәсіп кешенін дамыту" – 6 354 ұлттық жобалары шеңберінде ашылады. Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың 45%-ы – жастар (20 573 адам) мен мүгедектігі бар адамдар (1 961 адам).

"Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 228,7 мың адам жұмыс берушілер ұсынған орындарына орналастырылды. Оның 62%-ы ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы, құрылыс және өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылып отыр. Тұрақты жұмысқа орналастырылған азаматтардың 46%-ы жастар", – деді Светлана Жақыпова.

Мемлекет басшысының әр 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі бастамасын іске асыру аясында 212,9 мың кәсіпкерлік субъектісінде 278,5 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған адамдардың 4 мыңнан астамы мүгедектігі бар азаматтардың қатарынан болса, 161 мыңнан астамы жастардың қатарынан. Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 181,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды. Оның 44%-ын жастар құрайды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 114 843, әлеуметтік жұмыс орындарына – 16 908, жастар практикасына – 27 456, "Күміс жас" – 14 027, "Алғашқы жұмыс орны" – 7 859, "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары аясында – 406 азамат жұмыспен қамтылды.

"Жұмыспен қамтылғандардың басым көбі (49%) Түркістан (15%), Жамбыл (9%), Ақтөбе (7%), Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарының (6%) азаматтары. Сонымен қатар жасалып жатқан жұмыс нәтижесінде жұмыспен қамтылған азаматтардың 67%-ының (490 мың) отбасы құрамында кемінде бір адам жұмыс істей бастады, 244 мың азаматтың отбасы құрамында екі және одан да көп адам жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 51%-ы ауыл тұрғындары", – деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар министр мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға микрокредит беру жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде 7 116 өтінім қабылданды. Оның ішінде жалпы сомасы 21,3 млрд теңгеге 4 734 микрокредит берілді. Бұдан басқа 418 бизнес-жоба өңірлік комиссиялардың қарауында және 637 өтінім Агрокредиттік корпорацияның өңірлік филиалдарының қарауында.

Министр ҚР Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге көшіру тетігі қайта қаралғанын айтты.

"Қоныс аударуды ынталандыру үшін жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған кезде жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқық беретін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Осығын орай қазіргі таңда 7,5 мың. адам солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударды, немесе жылдық жоспардың 87%-ы орындалды. Ішкі қоныс аударушылар негізінен Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары. Көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73%-ы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 5,2 мың адам көшу шығыстарын өтеу үшін бір жолғы бір материалдық көмек алды. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде тұрғын үймен қамтамасыз етілді", – деп түйіндеді сөз соңын Светлана Жақыпова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: