ТМД елдері радиоактивті материалдарды тасымалдауды реттейтін келісімге қол қойды

Мажилис Парламента РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 11:17 Фото: senate.parlam.kz
Сенат депутаттары палатаның пленарлық отырысында ТМД-ға мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды шекарааралық тасымалдау туралы Келісімді ратификациялады. Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жолданады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Әлібек Наутиевтің айтуынша, Келісімнің мақсаты – радиоактивті материалдарды шекарааралық тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ету, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті арттыру, сонымен қатар радиоактивті материалдарды тасымалдауға қатысты ұлттық талаптарды физикалық қорғау принциптерін ескере отырып оңтайландыру.

"Келісім радиоактивті материалдарды шекарааралық тасымалдауда негізсіз кешіктірілулерді жоюға, тасымалдауды бақылауды қамтамасыз етуге, ТМД елдері арасындағы радиоактивті материалдарды тасымалдау процестерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге арналған", – деді ол.

Келісімнің әрекет ауқымы теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су жолдары және әуе тасымалы арқылы жүзеге асырылатын радиоактивті материалдарды шекарааралық тасымалдауға қатысты.

Сонымен қатар, радиоактивті материалдарды шекарааралық тасымалдау жөніндегі келісімде апаттарды алдын алу шаралары, сақтандыру және мүмкін болатын апатқа қаржылық кепілдіктер, сондай-ақ радиоактивті материалдарды физикалық қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігінің берілу тәртібі қарастырылған.

2025 жылғы 28 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (ақшаны жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау бойынша Халықаралық орталық құру туралы Келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: