Түркі мемлекеттері халықаралық аралас тасымалдарды жеңілдетеді
Құжатты Сенат депутаты Амангелді Нұғманов ұсынды. Ол келісімнің мақсаты түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту болып табылатынын хабарлады.
"Келісім темір жол, су және автомобиль көлігінің заманауи жүйелерін дамытуға, пойыздардың кедендік рәсімдерден өтуін жеделдету үшін алдын ала ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге, сондай – ақ жүктерге қатысты цифрлық технологияларды енгізуге ықпал етеді", - деп атап өтті сенатор.
Заң халықаралық аралас тасымалдау рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында автокөлікпен, темір жол және теңіз көлігімен орындалатын жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.