Зульфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды: Ол экология мен жасыл экономикаға жауапты болады
Сурет: primeminister.kz
Бұған дейін бұрынғы президент кеңесшісі Зульфия Сүлейменова Қазақстан СІМ-нің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі болып тағайындалғаны белгілі болды.
Зульфия Сүлейменованың жаңа қызметіндегі міндеттері:
"Ерекше тапсырмалар бойынша елші – тұрақты елшілікке тағайындалмайтын, нақты миссия немесе міндеттерді орындау үшін тағайындалатын дипломат. Әкімшілік лауазымдар реестріне сәйкес, С1 санатына жатады", – делінген СІМ хабарламасында.
СІМ мәліметінше, Зульфия Сүлейменова жаңа қызметінде экология және жасыл экономика мәселелерін қадағалайды.
Ерекше тапсырмалар бойынша елшінің қызметі туралы:
"Ерекше тапсырмалар бойынша елші СІМ орталық аппаратында жұмыс істейді, шетелдегі мекемелерде емес. СІМ-де бірнеше штаттық бірлік бар. Бұл лауазым жоғары деңгейлі дипломатиялық позиция болып саналады және сыртқы саясат пен сыртқы саясаттық бастамаларды жүзеге асыру шеңберінде ерекше, маңызды немесе уақытша міндеттерді орындауға арналған", – делінген СІМ хабарламасында.
Сыртқы саясат ведомствосы атап өткендей, ерекше тапсырмалар бойынша елшілер нақты мәселелермен айналысады және тапсырмаларға байланысты мыналарды орындай алады:
- Қазақстанды халықаралық келіссөздер мен конференцияларда таныстыру;
- Белгілі сыртқы саясат бағыттарын қадағалау (мысалы, ядролық қаруды азайту, халықаралық қауіпсіздік, экология, адам құқықтары, халықаралық ұйымдар);
- Басшылықтың тапсырмасы бойынша арнайы дипломатиялық миссияларды орындау;
- Бейбітшілік немесе консулдық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу;
- Қазақ диаспорасы, гуманитарлық жобалар немесе экономикалық дипломатия мәселелерін шешу;
- Ведомствоаралық сыртқы саясат бастамаларын үйлестіру.
Еске сала кетсек, ерекше тапсырмалар бойынша елші тағайындалмас бұрын, 2023 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы қыркүйекке дейін Зульфия Сүлейменова президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық бойынша арнайы өкілі – кеңесші қызметін атқарған.