Казахстандық не үшін көлігін 12 қабатты үйдің төбесіне шығарды – Шымкенттегі оқиға

Казахстандық не үшін көлігін 12 қабатты үйдің төбесіне шығарды – Шымкенттегі оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 15:19 Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Шымкентте жүргізуші көлігін 12 қабатты тұрғын үйдің төбесіне шығарып, дрифт жасаған. Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Қалалық Полиция департаменті (ПД) бұл дерекке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция құқықбұзушының ұсталғанын және жазаға тартылғанын мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлері автомобильді 12 қабатты ғимараттың төбесіне шығарып, әдейі қауіпті маневр жасаған жүргізушіні анықтап, ұстады. Құқыққа қайшы әрекеттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Тексеру нәтижесінде жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды, ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды", – делінген Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство өкілдері оның әрекеті тұрғындардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіргенін атап өтті.

"Мұндай әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Көрілім үшін заң бұзу – ақталмайтын қадам. Әрбір осындай факт қатаң әрі жедел түрде тоқтатылады", – деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2025 жылғы 11 сәуірде Алматыда күндізгі уақытта дрифт жасаған жүргізуші де қамауға алынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: