Көкшетауда тоғыз қабатты қонақүйден 150 адам шұғыл эвакуацияланды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
14 қараша күні Көкшетауда тоғыз қабатты қонақүйге жалғасқан асхананың ас әзірлейтін бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қонақүй мен мейрамханадан 150 адам өз бетімен эвакуацияланды.
Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
"Өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп мәлімдеді департамент.
Ақмола облысы ТЖД тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript