Алматыны тұман басады, бірақ +15°С дейін жылынады: аптаға арналған болжам
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы күндерге арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды. Гидрометорталығының мәліметінше, келесі аптада оңтүстік астанада жауын-шашын қысқа уақытқа ғана байқалады. Күн айтарлықтай жылынып, күндізгі температура +15°С-қа дейін жетеді.
Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаеваның айтуынша, демалыс күндері мегаполисті тұман басады.
"Алдағы бес күнде Алматыда антициклондық ауа райы сақталады: айтарлықтай жауын-шашын болмайды, бірақ 15-16 қарашада түнде және таңертең тұман болуы мүмкін", - делінген болжамда.
Апта бойы түнгі температура -2…+7°С аралығында болады, ал күндізгі орташа температура +10…+15°С шамасында сақталады.
Алматыдағы 15-21 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- 15 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс 3-8 м/с. Түнгі температура +1…+3°С, күндіз +10…+12°С.
- 16 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс 2-7 м/с. Түнгі +1…+3°С, күндіз +12…+14°С.
- 17–19 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс 2-7 м/с. Түнгі +3…+5°С, күндіз +13…+15°С.
- 20 қараша: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр. Жел шығыс 3-8 м/с. Түнгі +5…+7°С, күндіз +13…+15°С.
- 21 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс 3-8 м/с. Түнгі +3…+5°С, күндіз +11…+13°С.
Еске салайық, бұған дейін 15 қарашада елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын және екпіні күшті жел соғатынын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript