Алматыда ыстықпен бірге жауын-шашын күтіледі: бір аптаға болжам
Сурет: pixabay
Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 16-22 тамыз аралығында жауын-шашын жауады, кейін ауа температурасы қайта көтеріледі.
"Алдағы аптада Алматы мен Алматы облысының ауа райын Солтүстік Қазақстанда орналасқан циклонмен байланысты фронтальді бөліктер қалыптастырады. Апта соңына қарай циклон шегініп, орнына антициклон келгенде, Таяу Шығыстан жылы ауа массалары ығысып келеді. Соның нәтижесінде күндіз аймақта 38 градусқа дейін ыстық қайта оралады", - деді ол.
Ауа райы болжамы:
16 тамыз: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
17-18 тамыз: ауыспалы бұлттылық, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 18 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.
19 тамыз: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
20 тамыз: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
21-22 тамыз: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз қатты ыстық +33…+35°C.