Алматыда аптап ыстық қашан басылады: бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда аптап ыстық қашан басылады: бір аптаға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2025 18:51 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы жеті күнге арналған алдын ала ауа райы болжамын Zakon.kz-ке ұсынды. "Қазгидромет" мәліметінше, алдағы тәулікте Алматыда аптап ыстық сақталады. Алайда келесі аптаның соңына қарай жаңбыр жауа бастайды.

Алматы мен Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2025 жылғы 5-11 шілде аралығында мегаполисте ауа райы негізінен бұлтты болады, ал сенбі күні ауа температурасы +38°С-қа дейін жетеді. Тек келесі аптада Алматыда найзағай ойнап, жауын-шашын жауады.

Сонымен қатар Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

5 шілде – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°С, күндіз аптап +36…+38°С.

6 шілде – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°С, күндіз +31…+33°С.

7 шілде – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°С, күндіз +32…+34°С.

8-9 шілде – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25°С, күндіз +33…+35°С.

10 шілде – ауыспалы бұлттылық, кей кезде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°С, күндіз +28…+30°С.

11 шілде – ауыспалы бұлттылық, түнде кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +30…+32°С.

Еске салайық, бұған дейін сенбі, 2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстанның көп өңірінде ауа райы бұзылатынын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: