Алматының Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы өзгерді

Алматыда Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы пилоттық режимде өзгертілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 15:10 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы пилоттық режимде өзгертілді.

Қаланың Көлік қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар транспорты басқармасы әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, бағдаршам нысанының жұмысын қайта реттеді.

Пилоттық жоба аясында жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік құралдарының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша фаза енгізілді.

Өзгеріс қаланың жүктемесі жоғары қиылыстарының бірінде қозғалысты оңтайландыру және жол апатын азайту мақсатында жүзеге асырылды.

Басқарма барлық жол қозғалысына қатысушысын Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған бағдаршам белгілеріне назар аударуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: