Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгеруде: нені білу керек
Фото: gov4c.kz
Белгілі болғандай, қызмет тек онлайн форматта – eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.
Тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеуден өту үшін пайдаланушыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және оның жеке кабинетіне тіркелген телефон нөмірі (МАБ) қажет.
Процедура толық автоматтандырылған және онлайн түрде жүзеге асырылады, бұл қызмет алу уақытын айтарлықтай қысқартады.
Сондай-ақ азаматтар бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында онлайн рәсімдей алады.
eGov Mobile арқылы тіркеуден өту тәртібі:
- eGov Mobile қосымшасына кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" бөліміне өтіңіз.
- "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімінен "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметін таңдаңыз.
- Қажетті деректерді енгізіп, тіркеу себебін көрсетіңіз.
- Қызметке қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірін пайдаланыңыз.
- Өтінім мәртебесін "Хабарламалар" → "Жеке кабинет тарихы" бөлімінен тексеруге болады.
Ведомство атап өткендей, егер өтініш беруші өзіне тиесілі емес мекенжайға тіркелуге өтініш берсе, жүйе үй иесіне 1414 нөмірінен SMS-код жібереді. Тұрғын үйдің иесі хабарлама алынған сәттен бастап бір сағат ішінде келісімін растауы қажет.
Бұған дейін елімізде қандастарға қандай қолдаулар қарастырылғанын жазғанбыз.