Қазақстанда 2 миллионнан астам адам тұмауға қарсы екпе алды
Фото: пресс-служба акимата Алматы
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 19 қарашада Үкімет отырысында өткен аптадағы ЖРВИ және тұмау жағдайлары туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.
Оның сөзінше, өткен аптада республика бойынша 6 мыңнан астам ЖРВИ және мектеп оқушылары арасында 13 тұмау жағдайы тіркелген.
"Тұмауға қарсы 2,1 миллион адам екпе алды. Вакцина қазіргі эпидемиологиялық маусымға сәйкес штаммдардан, оның ішінде А (H3N2) тұмауынан қорғайды. Сезондық ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты бастапқы медициналық-санитарлық көмектің (БМСК) ұйымдарында жұмыс күшейтілді: фильтр-кабинеттердің қызметі қамтамасыз етіліп, эпидемиологиялық режим сақталады", – деді Әлназарова.
Министр атап өткендей, қазіргі таңда ЖРВИ және тұмау диагнозы қойылған науқастардың шамамен 80%-ы амбулаториялық деңгейде емделуде.
"БМСК деңгейінде науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 995 мобильді бригада, 1792 фильтр-кабинет ұйымдастырылды, оның ішінде жүкті әйелдер мен балаларға – 1097. Шұғыл медициналық көмек 1618 жедел жәрдем бригадалары арқылы көрсетіледі", – деп қосты министр.
Бұған дейін біз Қазақстанда 580-дан астам адамның "Гонконг тұмауына" шалдыққаны туралы хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript