Астанада полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 11:31 Фото: Zakon.kz
Астанада өтіп жатқан республикалық "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде.

Байқоңыр ауданының учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шара барысында қоғамдық орындарда тәртіп бұзу фактісін тіркеді.

Тексеріс барысында 39 жастағы азамат Жиенқұлов көшесіндегі дәмханалардың бірінде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, балағат сөздер айтқаны анықталды. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал сотқа жолданып, сот шешімімен азаматқа тиісті шара қабылданды. Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтарға балағат сөз айту, мас күйінде қоғамдық орындарда жүріп, айналадағы адамдарға қолайсыздық тудыру құқықтық жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Сонымен бірге тұрғындармен кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет екені түсіндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: