Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 12:27 Фото: pixabay
Өзбекстанда азаматтар онлайн алаяқтардан қорғанудың жолдарын үйренуге кірісті.

Ол үшін "Кибермәдениетті көтеру" жобасы қолға алынды.

Тұрғындар цифрлық қауіпсіздік негіздерімен танысып арнайы білім алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мақсат –халықты өз деректерін қауіпсіз сақтауға, банк карталарын дұрыс пайдаланып, жалған веб-сайттар мен хабарламаларды тануға үйрету.

Көрші елде онлайн қылмыстар соңғы бес жылда 68 есеге өскен.

2019 жылы небәрі 863 киберқылмыс тіркелсе, өткен жылы олардың саны 58 мыңнан асқан.

Бүгінде әрбір екінші қылмыс цифрлық технологияларды қолдану арқылы жасалады.

Интернет алаяқтарынан келген шығын 160 млн долларға жуықтайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: