Өзбекстанда онлайн несие рәсімдейтін алаяқтар көбейген

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 12:27 Фото: freepik
Өзбекстанда да бөгде адамның атына онлайн несие рәсімдеу деректері жиі кездеседі.

Сонымен қатар "ақшаңды жылдам көбейте аласың" деген сарындағы хабарландыруға алданып, қаражатын алаяққа өз қолымен беретіндер көп.

Мұндай әрекеттен сақтанудың жолдары жайлы тұрғындарға үнемі мағлұмат беріліп тұрады. Жуырда ішкі істер министрлігі "Кибермәдениетті көтеру" жобасын қолға алды, деп жазады qazaqstan.tv.

Оның аясында азаматтар цифрлық қауіпсіздік негіздерімен танысады. Жеке деректерін құпия сақтауға, банк карталарын дұрыс пайдалануға үйренеді.

Полицейлердің сөзінше, кез келген тұтынушының жалған веб-сайттар мен хабарламаларды бірден танып, алаяқтардың ісі екенін ажырата білуі маңызды.

"Пысықайлар көбіне банк картасын және мобильді құрылғыны бақылауға алады. Зиянды сілтеме немесе бағдарлама жібереді. Кейбірі банктік шоттарды басқару үшін SMS-кодты пайдаланады. Осыны азаматтар үнемі қаперде ұстап, күмәнді сілтемелерге өтуден сақ болғаны абзал. Тұрғындарға "алданбаңыздар, тегін ірімшік тек қақпанда болады" дегіміз келеді." Жамолиддин Носимов, Ташкент қалалық ІІББ өкілі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: