Курьер мен такси жүргізушілеріне вакцина тегін салынуы мүмкін
Фото: pexels
Елімізде курьер мен такси жүргізушілеріне тұмауға қарсы вакцина тегін салынуы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, келесі жылы осы мәселе көтеріліп, талқыға салынбақ, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы, курьер мен такси қызметінде жұмыс істейтін азаматтарға тегін екпе егу көрші Ресей елінде қолданылып жатқан тәжірибе.
Осы ретте айта кетейік, Қазақстанда өз бетінше ақылы түрде екпе салдыратындар және 2 миллионнан астам вакцинаны тегін алатын азаматтар бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript