Отандық ғалымдар суды үнемдеудің жаңа әдісін тапты

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 12:28 Фото: unsplash
Отандық ғалымдар ауыл шаруашылығында суды үнемдеудің жаңа жолын тапты. Әуелі тұқымды крахмал ерітіндісі, саз және полимерге салады.

Кейін оның басқа өскіндерге қарағанда ерте гүлдейтіні байқалады. Тіпті 7-8 күнде көктеп, жапырақтары қалың болады.

Қапталған тұқымдарды аптасына бір рет суару жеткілікті, деп жазады qazaqstan.tv.

Жоба жетекшісінің айтуынша, осы әдісті ауыл шаруашылығында қолдансақ, шегіртке қаптаған кезде де, құрғақшылық белең алғанда да егістік еш зиян тимейді.

Тұқымды қаптау себебіміз міне өздеріңіз көріп тұрғандай, тұқым жерге түскен кезде топырақтағы микроорганизмдер, құрт, құмырсқалар жейді. Сондықтан да сепкен тұқымның жартысы өспей қалады. Ең маңыздысы бұлардың өнгіштігі, яғни 5-7 күнде бұлар тұқымды жарып шығу керек. Райхан Рахметуллаева, жоба жетекшісі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: