Атаулы әлеуметтік көмек деген не және оны қалай алуға болады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 09:16 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 26 қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек жайлы жаңартылған статистиканы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 53 мың отбасындағы 285,1 мың адамға 27,1 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған.

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 88,8 мың балаға 3,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.


"Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Атырау облысында зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: