Желіде тараған жазбаға байланысты Маңғыстау облысының полиция департаменті тексеріліп жатыр

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 10:28 Фото: polisia.kz
Маңғыстау облысының полиция департаментін ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы тексеріп жатыр. Бұған әлеуметтік желіде тараған аноним хат себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратына сүйенсек, жазба авторлары облыстың бас полицей мен орынбасарларын қылмыстық топ құрды деп айыптаған. Желіде желдей ескен бұл ақпарат үлкен резонанс туғызды.

"Авторлары беймәлім аноним хатта департамент басшысы, генерал Сағындық Аяғановқа сыбайластары арқылы жалған сатып алулар рәсімдеп, алдын ала келісілген мекемелерге тендер ұтқызды деген айып тағылған. Сондай-ақ қызметкерлерді іс атқарылмаса да, актілерге қол қоюға мәжбүрледі делінген",- деп жазды телеарна.

Дегенмен, полиция департаменті мұны жоққа шығарып отыр. Тіпті хаттағы мәліметті тексеру үшін ішкі істер министрлігінен комиссияны департамент бастығы өзі шақырыпты. Комиссия енді хаттағы әр айтылған деректің рас-өтірігін анықтамақ.

Бұған дейін Мұнай өнімдерін ұрлау мен контрабанда арналары әшкереленгені жайлы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: