Жаңалықтар тізбегі
0

ҚАЖК Серік Күдебаевтың желіде тараған түрмедегі суретіне байланысты түсініктеме берді

Серік Күдебаев, Өскемен, түрме, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2023 13:19 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы, қаңтар оқиғасына байланысты сотталған Серік Күдебаевтың әлеуметтік желіде тараған Өскемендегі түрмеде түскен суретіне байланысты қызметтік тексеру басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған суретке қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефонды қолдану және бейнебақылау камерасының обьективін бүркемелеу фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жеке құрамның заңдылықты бұзу мәселесіне қатысты түбегейлі ұстанымға берік. Келіп түскен әр ақпарат тыңғылықты тексеріледі. Заңбұзушылық нақтыланған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады", делінген комитеттің ресми мәліметінде.

Сондай-ақ Серік Күдебаев пен басқалар жайғасқан дастархан үстінде тәртіпке қайшы келетін азық-түлік өнімі жоқ екені де нақтыланады.

"ІІМ бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіп ережелері бойынша қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемедегі сотталғандар сырттан сәлемдеме ретінде немесе туысқандарымен кездескен кезде азық-түлік қабылдауға құқылы. Сондай-ақ олар арнайы бөлінген орында бос уақыттарында үйден келген тамақты тұтына алады. Бұл талап қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелердің барлық түріне ортақ. Алдын ала мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған. Тексеру кезінде тыйым салынған азық-түлік өнімдері (алкоголь өнімдері) табылған жоқ", - делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Айта кетсек, Серік Күдебаев 28 сәуірде 10 жылға сотталған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: