Түркістан облысында субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 16:09 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында жоқ малды тіркеп, субсидия жымқырғандар сотталды.

Сауран ауданында ветеринария қызметінің мамандары мен ауыл тұрғыны өзара сөз байласып, 271 млн теңге субсидияны бас пайдасына жаратқан.

Тергеу барысында анықталғандай, аудандық ветеринария саласының 4 қызметкері ауыл тұрғынымен келісіп, ақпараттық жүйеге 100 мыңға жуық ұсақ малды шаруа қожалықтарының атына заңсыз тіркеген. Алайда бұл малдар шаруада болмаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сол арқылы мемлекеттен бөлінген субсидияны алаяқтық жолмен иемденіп, өзара бөліскен. Соттың шешімімен кінәлі деп танылған 5 адамның төртеуі 5 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды.

Бір сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, кейіннен ол рақымшылыққа ілінді.

"Мемлекеттің пайдасына 50 млн теңге өндірілді. Сонымен бірге 120 млн теңгелік мүлікке тиым салынды. Түркістан облыстық прокуратурасы мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді." Ербол Шынәділ, Түркістан облыстық прокуратурасының арнайы прокуроры
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: