Түркістан облысында егістік басталып кетті

Посев, полевые работы, поле, поля, сельское хозяйство, сельхозтехника, сельскохозяйственная техника, трактор, тракторы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 09:27 Фото: akorda.kz
Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны басталды.

Қазір Келес ауданындағы Біртілек, Қошқарата, Алпамыс батыр және Ақтөбе ауылдық округтерінде шаруалар қырыққабат, сәбіз және картоп дақылдарын егіп үлгерді.

Күннің райы диқандарға қолайлы болып тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Тез пісетін дақылдың өнімділігі де жоғары дейді шаруалар.

Биыл аудан бойынша көкөніс егуге 6 мың гектар, ал картопқа мың гектар алқап бөлінген.

Сұранысы бар деген сорттарды егіп жатырмыз. "Зарисма" бірінші піседі. Одан кейін "Валикор", одан кейін "Фарао", сәуірдің басында. Қазір мына жерде бір 70 адам бар істеп жатқан. Бір күндері 40-45 адам болады, бір күндері 70 адам болады. Бір күндері 20 адам болады. Кәмілжан Дадаев, шаруа
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: