Үлкен ауылында АЭС салу: тұрғындарға өтемақы төлене ме?
Фото: Zakon.kz
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025 жылғы 27 қарашада ОКҚ брифингінде өңірде атом электр станциясының салынуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер болашақ АЭС орналасатын жерге жақын тұратын тұрғындарға өтемақы төлеу жоспарда бар ма деп сұрады.
"Алғашқы АЭС құрылысы 2028 жылы басталады. Бүгінде Үлкен ауылында шамамен 1700 тұрғын бар. Ауыл Балқаш көліндегі түбекте орналасқан. Өтемақы немесе қандай да бір экологиялық төлемдер мәселесі әзір талқыланып жатқан жоқ, өйткені зиян келуіне немесе зиянның жоқтығына қатысты нақты қорытынды жоқ. Біз түсінгеніміздей, агенттік экологияға да, әсіресе тұрғындарға да зиян келтірмейтін заманауи АЭС салу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр", – деді Марат Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, қазір өңір билігі жергілікті халық жұмыс істей алуы және өз тауарлары мен қызметтерін ұсына алуы үшін индустриялық аймақты дамытуға кіріскен.
"Екінші бағыт – Үлкен ауылының орналасуы өте қолайлы, айтқанымдай, ол түбекте тұр. Сондықтан бұл жерде туризм бағыты маңызды. Біз білікті әрі жоғары жалақы алатын кадрлардың келуімен туризмнің дамуы айтарлықтай өзекті болатынын ойлаймыз. Ол жерде бірнеше туристік аймақ пен екі балық өңдеу зауыты бар. Солардың дамуына да назар аударамыз", – деп қорытындылады өңір басшысы.
АЭС – тек тұрақты әрі экологиялық таза энергия көзі ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамудың қуатты драйвері.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript