Ауыл өмір сүруге қолайлы, еңбек етуге жайлы болуға тиіс – Қазақстан президенті

Село, сельская местность, деревня, деревни, поселок, аул, частные дома , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 14:54 Фото: pexels
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеп, ауылды дамытуға қатысты маңызды мәселелерді көтерді.
"Біз бүгін ауылға қатысты көптеген маңызды мәселені талқылап, нақты міндеттерді айқындадық. Алдымызда тұрған міндеттің бәрін сапалы әрі жүйелі орындасақ, мақсатымызға жетеміз. Ауыл өмір сүруге қолайлы, еңбек етуге жайлы болуға тиіс", – деді Президент.

Президент әкімдердің рөліне де ерекше тоқталды.

"Ауыл әкімі осы маңызды жұмыстың басы-қасында жүреді. Бүгін әкім Жанар Нұрмұратқызы "Таза Қазақстан" қозғалысы жөнінде өзекті мәселе көтерді. Оған алғыс айтамын. Мемлекеттік саясатты халыққа жеткізетін де, елдегі өзгерістер мен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың мән-маңызын жан-жақты түсіндіретін де – әкімдер. Мен Сіздерге зор үміт артамын", – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, әкімдердің ең басты міндеті – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру.

"Ауылдағы ағайынның әл-ауқаты жақсарса, ауылдарымыз да көркейеді. Сіздер ауылды өркендету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін. Ауыл халқы елімізді дамытуға зор үлес қосуда. Мен осы сәтті пайдаланып, барлық ауыл тұрғындарына алғыс айтамын", – деді Президент.

Мемлекет әрдайым ауылды қолдайтынын атап өткен Президент: "Себебі ауыл – ұлтымыздың өзегі. Ауылды жаңа көзқараспен, озық оймен, жаңартылған тәсілдермен дамытуымыз қажет", – деп сөзін түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: