Қазақстан президенті алғашқы жарлығын еске алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, президенттік сайлаудан кейін алғашқы қол қойған жарлығы ауылды дамытуға арналғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 14:06 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, президенттік сайлаудан кейін алғашқы қол қойған жарлығы ауылды дамытуға арналғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, ауыл – өзіндік өркениет алтын бесігі.

"Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылы халыққа ұсынған сайлау алдындағы бағдарламада ауыл мәселесіне айрықша назар аудардым. Президент

Президенттің алғашқы Жарлығы да ауылды дамытуға арналған. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді.

"Қазіргі таңда осы құжатқа сай нақты жұмыс атқарылып жатыр. Жуырда ғана Ауыл еңбеккерлерінің екінші форумын өткізіп, осы саладағы өзекті мәселелерді қарадық. Ал бүгін ауыл-аймақтардың даму бағдарын айқындаймыз. Бұл – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттің бірі". Мемлекет басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: