Тоқаев уәдесін орындамайтын, міндетін атқармайтын ауыл әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Сурет: akorda.kz
"Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңда әкімнің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін нақтылайтын норма жоқ. Дәл осы мәселені мемлекет басшысы бүгін, 28 қарашада ауыл әкімдерінің диалог-платформасында көтерді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Мемлекет басшысының пікірінше, әкімдер тұрғындарға сайлау алдындағы бағдарламасының орындалуы туралы жиі есеп беріп тұруға тиіс. Мұны заңмен бекіту керек.
"Уәдесін орындамайтын, міндетін дұрыс атқармайтын ауыл басшысын қызметінен босату тетіктері қарастырылуы қажет. Ондай әкімдер халықтың талабымен немесе саяси партиялардың ұсынысымен жұмыстан шығарылуға тиіс",- деді ол.
Оның айтуынша, сонда әкім болуға үміткерлер де елге экономикалық негізі жоқ құрғақ уәде бере алмайды.
"Мұндай жалаң сөздер, яғни популистік әрекеттер халықтың ауыл әкімдеріне, тіпті тұтас сайлау институтына деген сенімін азайтуы мүмкін. Үкімет әкімдердің сайлау алдындағы бағдарламасының экономикалық бөлігіне қойылатын талаптарды айқындауы керек. Сапалы дайындалған бағдарламаны аймақтың даму жоспарымен үйлестіруге болады. Жалпы, осындай шаралар әкімдердің есептілігін күшейтеді. Сондай-ақ өз үміткерлерін ұсынған партиялардың жауапкершілігін арттырады".Президент
Бұған дейін Тоқаев ауыл өмір сүруге қолайлы, еңбек етуге жайлы болуға тиіс екенін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript