Денсаулық сақтау министрлігі аналардың өлім-жітімінің себебін атады

Жүктілік, Денсаулық сақтау министрлігі, аналар, өлім-жітім , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2025 09:50 Сурет: unsplash
Денсаулық сақтау министрлігі әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, "Аналар саулығы" арнайы бағдарламасы шеңберінде жүктілікті жоспарлауға өркениетті және ақылға қонымды көзқарас үшін шаралар кешенін қабылдауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, анадан айырылуға әсер ететін негізгі фактор — әйелдердің экстрагениталдық аурулары және прегравидалдық дайындықтың төмен деңгейі.

"Бағдарламаның шеңберінде елімізде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер МӘМС шеңберінде 12 базалық зерттеп-қараудан өте алады, патология анықталған жағдайда оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылады", деп нақтылайды министрлік.

Қазақстанда әйелдерді прегравидалдық дайындықпен қамту 46,1%-ды құрады. Жүктілікті жауапкершілікпен жоспарлау болашақ ана мен оның баласының өмірі мен денсаулығына қауіпті барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін жүкті болған оқушы оқиғасынан кейін Қазақстанда мектеп қабырғаларында гинеколог кеңесі міндеттелуі мүмкін екені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: