Жамбыл облысы индустриялық дамудың жоғары қарқынына өтуде

Жамбыл облысы индустриялық дамудың жоғары қарқынына өтуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 13:09 Сурет: wikimedia
2025 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ баспасөз мәслихатында өңірдің қазіргі даму барысын таныстырып, негізгі көрсеткіштер мен жаңа өсу нүктелерін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір экономикасы 9,8% өсім көрсетті.

"10 айдың ішінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8% деңгейінде қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш өнеркәсіптің 17%-ға, ауыл шаруашылығының 3,1%-ға, құрылыс саласының 18,8%-ға, тұрғын үйді пайдалануға берудің 1,7%-ға, сауданың 0,5%-ға, көліктің 2,9%-ға, байланыстың 9,4%-ға өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 38,3%-ға артты. Жыл басынан бері 1,1 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 17% өсімге қол жеткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс өсімі бойынша облыс республикада 3-орынды, өңдеуші өнеркәсіп өсімі бойынша 5-орынды иеленіп отыр", – деді Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері салаға 203,8 млрд теңге инвестиция тартылып, өңделген өнім экспорты 1,5 есеге өсіп, ел бойынша 1-орынға шықты.

"2029 жылға дейін жалпы құны 4,1 трлн теңге болатын 62 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды. Бұл жобалар 8,3 мың жұмыс орнын құруды көздейді. Сонымен қатар өңірдің индустриялық инфрақұрылымы да дамып жатыр. "Тараз" индустриялық аймағында жалпы құны 113 млрд теңге болатын 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, олардың 9-ы іске асырылды, 200 жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, "Тараз" индустриялық аймағы мен "Jibek Joly" АЭА базасында 40 мың шаршы метр өндірістік ғимараттар пайдалануға берілді. Олар жалға алу үшін жеңілдетілген шарттармен және дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бұл кәсіпорындарды іске қосу мерзімін қысқартады", – деді облыс әкімі.

Ол қазіргі кезде сұраныстың жоғары екенін атап өтті. 1,7 млрд теңге болатын есік өндіру, фиброцемент плиталары мен шыны шығару сияқты 3 жоба іске асырылды.

Бұдан бөлек, 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 жұмыс істеп тұрған су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 312 каналды жаңғырту жоспарланған.

Бұған дейін жазғанымыздай, Жітіқара ауданында мердігерден мемлекетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: